Неслихан Йигит алтын медаль алды

Неслихан Йигит әйелдер арасындағы финалде испандық қарсыласы Беатрис Корралес Окананы 2:0 есебімен жеңіп, алтын медальдың иесі болды.

1850334
Неслихан Йигит алтын медаль алды

Ұлттық бадминтоншы Неслихан Йигит Жерорта теңізі ойындарында алтын медаль жеңіп алды.

Алжирде ұйымдастырылған Жерорта теңізі ойындарында ұлттық спортшы Неслихан Йигит әйелдер арасындағы жекелей сында испандық қарсыласы Беатрис Корралес Окананы 2:0 есебімен жеңіп, алтын медальға қол жеткізді.

Орандағы Salle Oued Tlelat Hall залында өткен жарыстарда испандық Аниа Сетиен Эрро, итальяндық Ясмин Хамза және мысырлық Доха Ханиді жеңіп, финалға көтерілген Неслихан бәсекелестеріне өткел бермеді.

Неслихан Йигит әйелдер арасындағы финалде испандық қарсыласы Беатрис Корралес Окананы 2:0 есебімен жеңіп, алтын медальдың иесі болды.



Ұқсас жаңалықтар