Джамала Анталияда концерт берді
Украина соғысында зардап шеккен балалар үшін Түркияда концерт берді.

Қырым татар әнші Джамала Украина соғысында зардап шеккен балалар үшін Түркияда концерт берді.
«Босқындар және мигранттармен ынтымақтастық қауымдастығы» (SGDD-ASAM) және «Соғыссыз балалық шақ» жобасының басшыларымен бірге ұйымдастырылған концерт Анталия ашық аспан астындағы театрда болды. Концерттің басында украиндық балалар би шоуын көрсетті.
«Евровидение-2016» ән байқауының жеңімпазы және 2022 жылы Атлантикалық кеңестің “Көрнекті өнер көшбасшысы» сыйлығының иегері Джамала сахнада өзінің танымал әндерін шырқады.
Концертті Украинаның Анталиядағы бас консулы Эмир Рустамов, «Соғыссыз балалық шақ» жобасының негізін қалаушы Руслан Шостак және SGDD-ASAM бас координаторы Ибрахим Вургун Кавлак тамашалады. Сондай-ақ түрік және украин көрермендер келді.
Концерт арқылы Анталиядағы әртүрлі қонақүйлерге орналасқан 1500-ге жуық украиналық бала үшін рухани және ұйымшылдық атмосферасын орнату мақсат етілді.
Ұқсас жаңалықтар
Жеңіл атлетикада тарихи жеңіс
Ясемин Джан чемпионат тарихында 10 мың метрде екі рет чемпион атанған алғашқы әйел атлет болды.