Кыркпынар майлы күресі фестивалі  басталады

661-ші Тарихи Кыркпынар майлы күресі фестівалі 1 шілдеде басталады.

1848920
Кыркпынар майлы күресі фестивалі  басталады

661-ші Тарихи Кыркпынар майлы күресі неше ғасырдан бері жалғасып келе жатыр.

Іс-шаралар 1 шілдеде басталып, 3 шілде күні аяқталады.  Ол күні бас палуан атағы үшін күрес болады.

1 шілде жұмы күні басталатын түрік күресінің ең үлкен іс-шараларын TRT SPOR тікелей эфирде береді.

Түріктердің ұлттық спорты ретінде қабылданған күрес адамзат тарихындағы ежелгі спорт түрлерінің бірі болып табылады. Түркияда күрес деген кезде Кыркпынар майлы күресі еске түседі. Майлы күрес балуандардың белі және аяғына арқанмен байланған былғары шалбар киіп, зәйтүн майымен май жағылып шымдардың үстінде өтетін күрестің бір түрі. 14-ші ғасырда ортаға шыққан майлы күрес жарысы әлемнің ең ұзаққа созылған спорттық шарасы болып саналады.

Жарыстарда жеңіске жеткен балуан «Бас балуан» атағын алып, алтын белбеуді иемденеді және бір жылдан кейінгі жарысқа дейін бұл алтын белбеуге ие болады.



Ұқсас жаңалықтар