Джунейт Аркын дүниеден озды
Көптеген фильмге түскен актер сонымен бірге көптеген сыйлықтың да лауреаты.
1849072

Түрік кинематографиясының шебер актері Джунейт Аркын көз жұмды.
Ұмытылмас фильмдерімен түрік киносына таңба басқан атақты актер үйінде науқастанып, ауруханаға жеткізілді. Жүрегі тоқтап қалған 85 жастағы актер ауруханада қайтыс болды.
Шын аты Фахреттин Жүреклибатур болып табылатын атақты актер 1937 жылы Ескишехирде өмірге келді.
Оның негізгі мамандығы – дәрігер. 1963 жылы актерлік карьерасын бастады. Көптеген фильмге түскен актер сонымен бірге көптеген сыйлықтың да лауреаты.
Ұқсас жаңалықтар

Дзюдодан алтын медаль
57 келіде финалда жапондық қарсыласын жеңіп, Өзлем Йылдыз алтын медальға қол жеткізді.