«Клондайк» Германиядан да жүлде алды

Украина-Түркия және ТРТ бірлесіп түсірген «Клондайк» фильмі «21-ші неміс фильмдерінің бейбітшілік сыйлығы-көпірде» «Қазылар алқасының арнайы жүлдесін» алды.

1847925
«Клондайк» Германиядан да жүлде алды

Марина Приват Горбах режиссер және Мехмет Бахадыр Ер ортақ продюсер болған Украина-Түркия және ТРТ бірлесіп түсірген «Клондайк» (Klondike) фильмі «21-ші неміс фильмдерінің бейбітшілік сыйлығы-көпірде» «Қазылар алқасының арнайы жүлдесін» жеңіп алды.

Sundance және Берлин кинофестивалінің жүлделерімен оралған Украина-Түркия және ТРТ бірлесіп түсірген «Клондайк» фильмі 21 маусымда аяқталған фестивальде жүлдеге лайықты деп табылды.

Бернхард Вичи мемориалдық қорының 2002 жылдан бері көрнекті режиссерлерді марапаттайтын жүлделері Мюнхендегі Cuvillies театрында өткен салтанатта иелеріне табыс етілді.

Мюнхен халықаралық кинофестивалінің алдында өткен шара аясында гуманистік, қоғамдық-саяси және көркемдік құнды фильмдерге жүлде берілді. Әлемнің әртүрлі елдерінен іріктеліп алынған режиссерлерге барлығы 60 символдық марапат берілді.

Қазылар алқасының мәлімдемесінде «Клондайк» фильмі Украина мен Ресей шекарасында өмір сүретін, ауылы жікшілдер тарапынан қоршауға алынғанына қарамастан үйінен кетпеген аяғы ауыр бір әйелдің хикаясын лирикалық көріністер арқылы баяндаған режиссерлік табысы үшін жүлдеге лайықты деп қаралғаны білдірілді.

Марина Приват Горбахтың жалпы адамзаттық құндылығы бар ерекше фильм жасағаны баяндалған мәлімдемеде:

«Фильм бізді апатқа итермелеген қатыгез, қайғылы, шарасыз жолда соғыстың опасыздығы мен қаңыраған тыныштығына апарады. Адамдарды адамдықтан шығатынын суреттейді" деп жазылды.

Фильм Украина мен Ресей шекарасында өмір сүретін, ауылы жікшілдер тарапынан қоршауға алынғанына қарамастан үйінен кетпеген аяғы ауыр бір әйелдің хикаясын баяндайды. Фильм сонымен бірге азаматтық жолаушы ұшағының 2014жылы 17 шілдеде Украинада құлатылуы оқиғасына да орын береді.



Ұқсас жаңалықтар