ТӘЖ «Жоғары деңгейлі сертификат» алды

Түрік Әуе Жолдары осы сертификатты тікелей алуға құқықты тұңғыш әуежолы компаниясы болды.

1846492
ТӘЖ «Жоғары деңгейлі сертификат» алды

Түрік Әуе Жолдары Халықаралық Әуе көлігі қауымдастығы (IATA) Экологиялық бағалау бағдарламасы бойынша «Жоғары деңгейлі сертификат» алды.

Түрік Әуе Жолдары әуежолы компанияларының операцияларын қоршаған орта тұрғысынан тәуелсіз бағаландыру және дамыту мақсатымен жобаланған  Қоршаған ортаны басқару мен бағалау жүйесі IATA IEnvA (Қоршаған ортаны бағалау) бағдарламасының «Жоғары деңгейлі сертификатын» алды.

Өнегелі әуежолы осы сертификатты тікелей алуға құқықты тұңғыш әуежолы компаниясы ретінде қоршаған орташыл операцияларда көгілдір аспанның жол сілтеушісі екенін дәлелдеді.

Түрік Әуе Жолдары атынан сертификатты Әкімшілік кеңесі және атқару комитетінің төрағасы Ахмет Болат Катардың астанасы Дохада өткен IATA жылдық Жалпы Кеңес жиналысы мен Дүниежүзілік Авиация саммитінде тапсырып алды.

 



Ұқсас жаңалықтар