«TRT Balkan» цифрлық хабар платформасы танытылды

Скопьеде «TRT Balkan» цифрлық хабар платформасының таныту бағдарламасы өтті.

1846371
«TRT Balkan» цифрлық хабар платформасы танытылды

Солтүстік Македонияның бас қаласы Скопьеде Түркия телерадио корпорациясының «TRT Balkan» цифрлық хабар платформасының таныту кеші өтті.

Скопьеде орналасқан «Куршунлу Хан» ашық базарында өткен бағдарламаға Түркияның Солтүстік Македония елшісі Хасан Мехмет Секізкөк, ТRТ атқару кеңесі төрағасы Ахмет Албайрак, ТRТ бас директоры Мехмет Захид Собажы, ТRТ бас директор орынбасарлары Өмер Фарук Танрыверди, Мұхаммед Зияд Варол, Фетхи Фахри Кая және Мұстафа Малкочқа қоса саясаткерлер, елдегі түрік мекемелері мен ұйымдарының өкілдері және қонақтар қатысты.

ТRТ-ның Балқандағы этникалық мозаика мен мәдени байлықтың бір бөлшегі болған отандастар үшін туған жердің үні және тынысы екенін атап көрсеткен Собажы TRT-ге көрсетілген бұл жақсылықты жауапсыз қалдырмау үшін барынша талпынғандарын білдірді.

«TRT Хабер», «TRT Әуез» және «TRT Түрік» сияқты телеарналар арқылы аймақтағы жаңалықтарды экранға шығарумен қатар, Балқанға тән деректі фильмдер, саяхат бағдарламалары, телехикаялар мен фильмдер сияқты әртүрлі мазмұнмен аймақтың әлемге танылуына үлес қосқандарын түсіндірген Собажы «Біз қазір ‘TRT Balkan’ цифрлық жаңалықтар платформасын қосу арқылы 41 тілде және диалектіде, соның ішінде Түркияның аймақтық тілдерінде хабарларымызға қосып, жаңа бір тұғырға көтеріп отырмыз. Өткен аптада Анкарада өткен салтанатты ашылу кешімен «TRT Balkan цифрлық хабар платформасы» өз жұмысын бастады. «ТRТ Balkan» арқылы арамыздағы байланыс нығайып, аймақтағы журналистика саласына жаңа тыныс келеді деп ойлаймын. «TRT Balkan» Түркияға да, әлемге де ашылатын аймақтың жаңа бет-бейнесі, сонымен қатар Балқан тілдеріндегі хабарларымен іштегі үні болмақ. Жүрегінің бір бөлігін осында қалдырып, Анадолыға қоныс аударған және Балқандарды қызығушылықпен қадағалаған жүздеген мың Балқан иммигранты біздің платформамызды да асыға күтті» деді.

Балқанның ғасырлар бойы бауырластыққа құшақ жайған бір география екеніне назар аударған Собажы Балқанның көне қаласы Скопьеде түрік, македон, албан және босниялықтардың бір ортада өмір сүргеніне назар аударды.

Елші Сегізкөк болса әлемдік брендке айналған TRT-нің хабар тарату саласындағы білімін, тәжірибесін және сапасын жаңа бір серпіліспен Балқанда атап өту үшін бас қосқандарын айтты.

Сөздерден кейін Балқан халық әндерінің концерттік бағдарламасы орындалды.

Аймақ халқын және аймақты мазалаған мәселелерді жаһандық деңгейде көрсету мақсатында хабар тарата бастаған жаңа цифрлық хабар платформасы «TRT Balkan» македон, албан, серб, хорват және босния тілдерінде хабар таратады.

«TRT Balkan» цифрлық хабар платформасы аталмыш тілдерде сөйлейтін 30 миллионнан астам адамға қызмет көрсетеді.



Ұқсас жаңалықтар