Эфиопия Мәдениет және өнер фестивалі басталды

​​​​​​​Фестивальде Шығыс Африка елдерінен келген қатысушылар фольклорлық қойылымдар мен мәдени шаралар ұйымдастырады.

1843996
Эфиопия Мәдениет және өнер фестивалі басталды
aa_picture_20220615_28165410.jpg
aa_picture_20220615_28165411.jpg
doğu afrika kultur sanat festivali etiyopya.jpg
aa_picture_20220615_28165402.jpg
aa_picture_20220615_28165400.jpg

Шығыс Африка Мәдениет және өнер фестивалі Эфиопияның астанасы Аддис-Абебада мыңдаған адамның қатысуымен басталды.

Эфиопияның Мәдениет және спорт министрлігі мен Эфиопияның Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған фестивальде өздерінің ерекше жергілікті киімдерімен қатысқан эфиопиялықтар музыканың сүйемелдеуімен түрлі-түсті қойылымдар ұсынды.

Аймақтық интеграцияны қолдау мақсатында өткізілген фестивальде Шығыс Африка елдерінен келген қатысушылар фольклорлық қойылымдар мен мәдени шаралар ұйымдастырады.

Фестивальге эфиопиялықтармен бірге мемлекеттік қызметкерлер және шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері де қатысты.

Сыртқы істер министрлігі мен Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Елші Дина Мүфти мәлімдемесінде фестивальдің Шығыс Африка халықтарының әлеуметтік, экономикалық және саяси бірлігін қамтамасыз етудегі маңызды қадам екенін атап өтті.

19 маусымға дейін жалғасатын фестивальде қатысушыларға дәстүрлі дәмдер мен өнер туындылары ұсынылады.

Сонымен қатар фестиваль барысында тіл және мәдениет симпозиумдары мен кітап көрмелері де ұйымдастырылады.



Ұқсас жаңалықтар