Стамбул әуежайы-«Ең Үздік трансфер әуежай»

«Ең Үздік трансфер әуежайы» және «Отбасына қолайлы Халықаралық әуежай» жүлделері биыл Стамбул әуежайына берілді.

1839721
Стамбул әуежайы-«Ең Үздік трансфер әуежай»

Америка Құрама Штаттарында (АҚШ) орналасқан Global Traveler туристік журналы тарапынан «Ең Үздік трансфер әуежайы» және «Отбасына қолайлы Халықаралық әуежай» жүлделері биыл Стамбул әуежайына берілді.

Әлемдегі ең үлгілі әуежай болу жолында ілгерлеген Стамбул әуежайы (Стамбул Гранд Әуежайы) беделді мекемелер тарапынан жүлде алуды жалғасуда.

Айда мөлшермен 500 мың оқырманға жеткен Global Traveler туристік журналы биыл 10-шы мәрте өткен “2022 Leisure Lifestyle Awards” жүлделерінде Стамбул әуежайына «Ең Үздік трансфер әуежайы», биыл 5-ші мәрте ұйымдастырылған “2022 Wherever Awards’ta” «Отбасына қолайлы Халықаралық әуежай» жүлделеріне лайықты деп табылды.

Global Traveler туристік журналы жыл сайын ұйымдастырған сауалнамада оқырмандар саяхат жайлы қызметтері, бағыттар, қонақүйлері, әуежолдары мен кеме сапарлары жайлы дауыс берудегі нәтижелері де әлемдегі үздіктерді анықтайды.

Стамбул әуежайы «Ең Үздік трансфер әуежайы» жүлдесі берілді, одан кейінгі орынды АҚШ-тағы Майами Халықаралық әуежайы және әлемдегі ең жақсы әуежайлардың қатарында көрсетілген Сингапур Чанги әуежайы иеледі. 

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы The Lotos клубында 7 маусымда ұйымдастырылғанжүлде беру рәсімінде Стамбул әуежайы атынан  Коммуникациялар директоры Гөкхан Шенгүл қабылдады. 



Ұқсас жаңалықтар