Джонни Депп Эмбер Хердті сотта жеңді

Эмбер Херд 2016 жылы ажырасып кеткен Джонни Деппке 15 миллион доллар өтемақы төлеуі керек деп шешілді.

1836713
Джонни Депп Эмбер Хердті сотта жеңді

Америка Құрама Штаттарында (АҚШ) екеуі де Голливуд кино жұлдызы болған Джонни Депп пен ажырасқан әйелі Эмбер Херд арасындағы бірнеше апта бойы жалғасып келе жатқан жала жабу туралы сот процесі Депптің пайдасына шешілді.

қазылар алқасы Деппті дұрыс деп тапты.

Эмбер Херд 2016 жылы ажырасып кеткен Джонни Деппке 15 миллион доллар өтемақы төлеуі керек деп шешілді.

Қазылар алқасы Эмбер Хердтің Вашингтон Пост газетіндегі 2018 жылы жарияланған мақаласында Деппті «Отбасы ішінде зорлық-зомбылық көрсететін қоғам қайраткері» деп сипаттап, оған жала жапқаны үкімін берді. 

«Кариб теңізінің қарақшылары» фильміндегі рөлі арқылы әлемге танымал болған Депп газеттегі мақаласына орай Эмбер Хердке 50 миллион долларлық сот ашқан, Хердтің адвокаттары да Деппке қарсы 100 миллион долларлық қарымжы сотын ашқан болатын. 

Эмбер Херд сот процесі бойынша Депптің өзіне жыныстық жәбірлеу көрсеткенін пайымдады. Осыған орай Депп те жауабында Хердке қол көтермегенін, жәбірлеу пайымдауының жалған екенін, Хердтің өзіне қол көтеріп, шабуылдағанын айтқан еді. 



Ұқсас жаңалықтар