Халықаралық Кемер суға сүңгу күндері басталды

Халықаралық Кемер суға сүңгу күндері басталды.

1830414
Халықаралық Кемер суға сүңгу күндері басталды
kemer su alti gunleri.jpg
kemer su alti gunleri.jpg
kemer su alti gunleri.jpg
kemer su alti gunleri.jpg

Анталияның Кемер ауданында биыл 21-ші мәрте ұйымдастырылған Халықаралық Кемер суға сүңгу күндері басталды.

Кемер Аймақтық таныстыру қорының (KETAV) жетекшілігімен Акдениз университеті, Кемер Қала әкімшілігі және Жерорта теңізі Археология қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырған іс-шараның алғашқы күні Текирова өңірі су айдынына орналасқан Үч Адаларда фото және бейне түсіру бойынша суға сүңгу жарыстары өтті.

Дүниежүзілік Су астындағы іс-шаралар конфедерациясы (CMAS) Ғылыми комитетінің басшысы Франсиско Лакасе мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының (ЮНЕСКО) өкілі, Доктор Ульрике Герин спортшылармен бірге суға сүңгіді.

Кемер Аймақтық таныстыру қорының төрағасы Волкан Йорулмаз 40 спортшы және сүңгуір қатысуымен басталған жарысқа Германия, Жапония мен Ұлыбританиядан да өкілдер қатысқанын айтты.

Іс-шара Кемердің су астындағы байлықтарын әлемге таныстыру үшін тамаша бір орай болғанына назар аударған Волкан Йорулмаз осы организацияны алдағы жылдарда да жалғастыратындарын хабарлады.

Халықаралық Кемер суға сүңгу күндері 24 мамырда аяқталады.



Ұқсас жаңалықтар