Емине Ердоған түрік асханасын таныстырды
21-27 мамыр Түрік асханасы апталығы аясында Балыкесирде фестиваль ұйымдастырылуда.
1830987
Президент Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Емине Ердоған түрік асханасының баршаға денсаулық, шипа және молшылық беруін тіледі.
Емине Ердоған Мәдениет және Туризм министрлігінің қолдауымен 21-27 мамыр Түрік асханасы апталығы аясында Балыкесирде ұйымдастырылған фестиваль жөнінде Твиттер желісінен бөлісті.
Фестиваль көріністерін бөліскен Емине Ердоған:
"Сезіміміз бен ой-пікірімізді бейнелейтін түрік асханасы баршаға денсаулық, шипа және молшылық әкелсін" деді.
Ұқсас жаңалықтар
Түрік елші жыл дипломаты атанды
Осман Корай Ерташ «Еуразия және Балқан аймағының жыл дипломаты» сыйлығына лайық деп танылды.
Ресейде түрік деректі фильмі сыйлық алды
«Барлығы ойдағыдай» (2022) атты деректі фильм Үздік деректі фильм сыйлығын алды.