О.Корея Көк сарайы халыққа ашылды

Жаңа президент Юн Сук Ёлдың алғашқы әрекеттерінің бірі - Көк сарайдағы президенттік офисін көшіру және оны халыққа ашу болды.

1828769
О.Корея Көк сарайы халыққа ашылды

Оңтүстік Кореяда мемлекет басшысының ресми мекені Көк сарайдың 74 жылдан кейін халыққа ашылуынан кейін мыңдаған адам тамашалай барды.

Жаңа президент Юн Сук Ёлдың алғашқы әрекеттерінің бірі - Көк сарайдағы президенттік офисін көшіру және оны халыққа ашу болды.

Көк сарайды күнде мөлшермен 39 мың адам аралауда.

Жаңа президент Юн Сук Ёл сайлау кепілдіктерінің арасында орын алған Көк сарайды халыққа ашу үшін президенттік офисін 5 километр алыстағы Қорғаныс министрлігіне көшірді.

АҚШ-тың Ақ Үйіне ұқсас сарай салуды мақсат еткенін айтқан Юн Сук Ёл жаңа офисінің халықпен тығыз байланыс жасауға ыңғайлы екенін айтты.

Юн Сук Ёлдің жаңа офиске көшу жоспарының асығыс жасалғаны және шындыққа үйлеспейтіні сындары да айтылуда.

Көк сарай Юн Сук Ёлдің міндетке бастаған алғашқы күні 10 мамырда халыққа ашылды.



Ұқсас жаңалықтар