Түрік қызы - әлем чемпионы

Дилара Нарин 2 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алып, әлем чемпионы атанды.

1823866
Түрік қызы - әлем чемпионы

Грекияда өткен ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында әйелдер арасында 81 келі салмақта сынға түскен Дилара Нарин 2 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алып, әлем чемпионы атанды.

Крит аралында өткен чемпионатта ұлттық атлет Дилара Нарин жұлқа көтеруде 99 келі көрсеткішпен күміс жүлдені жеңіп алды.

Серпе көтеру сайысында түрік спортшы 131 келі көрсеткішпен алтын алып, жалпы 230 келі көрсеткішпен әлем чемпионы атанды.



Ұқсас жаңалықтар