Түркия Украинаға бүгінге дейін 67 жүк көлігі гуманитарлық жәрдем жіберді

Апат және төтенше жағдайлар басқармасы мәлімдеме жасады.

1811746
Түркия Украинаға бүгінге дейін 67 жүк көлігі гуманитарлық жәрдем жіберді

Түркия Ресей-Украина соғысы басталғалы аймаққа 67 жүк көлігі гуманитарлық жәрдем пен 1 ​​жылжымалы асхана жүк көлігін жіберді.

Апат және төтенше жағдайлар басқармасы жасаған мәлімдемеге қарағанда, Түркия тарапынан Украина халқының шұғыл гуманитарлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін Апат және төтенше жағдайлар басқармасының үйлестіруімен тиісті мекемелер, ұйымдар және азаматтық қоғамдардың қолдауымен дайындалған гуманитарлық жәрдем материалдарының аймаққа жеткізілуі жалғасуда.

Түркия 27 ақпан күні  басталған гуманитарлық жәрдем акциясы аясында бүгінге дейін Апат және төтенше жағдайлар басқармасының 21 жүк көлігі мен 1 жылжымалы ас үй жүк көлігі және Денсаулық сақтау министрлігі, муниципалитеттер, Түрік қызыл жарты ай қоғамы, жекеменшік сала мен азаматтық қоғамдар ұйымдастырған 46 жүк көлігін қосқанда, барлығы 67 жүк көлігі гуманитарлық жәрдем мен 1 жылжымалы ас үй жүк көлігі жіберді.

Жылжымалы ас үй көлігі 12-18 наурыз күндері Румынияның Сирет шекара қақпасында ыстық тамақ қызметі берді. Көлік 2022 жылдың 20 наурыз күнінен бастап Украинаның Львов қаласында ыстық тамақ қызметін бастады.

Украинада гуманитарлық қажеттіліктерді анықтау, гуманитарлық көмек шараларын жүзеге асыру және Түркиядан жіберілген жәрдемдерді үйлестіру үшін 4 адамнан тұратын Апат және төтенше жағдайлар басқармасы гуманитарлық жәрдем тобы Сирет пен Львовтағы жұмыстарын жалғастыруда.

Сирет шекара қақпасында бүгінге дейін шамамен 210 мың (дана/бірлік) гуманитарлық жәрдем материалы таратылды.



Ұқсас жаңалықтар