Жапония мемлекеттік теледидары Эгейдегі ежелгі қалаларды таныстырады

Жапония мемлекеттік теледидары "NHK" Денизли мен Айдындағы ежелгі қалаларда деректі фильм түсіре бастады.

1809482
Жапония мемлекеттік теледидары  Эгейдегі ежелгі қалаларды таныстырады
ege antik kent.jpg
ege antik kent.jpg

Жобаның Еуропаға жауапты директоры Мини Косугу Айдындағы түсірілімнен кейін Денизлиде Памуккале, Иераполис және Лаодикея ежелгі қалаларын түсіретіндерін айтты. 

Түркияның бай табиғи және мәдени мұраларға ие екенін, жапондықтардың бұл мұраларды көруге тырысқандарын айтқан Косугу "Жапондықтар Түркияны біраз біледі. Бұл деректі фильм Түркияның мәдени байлықтарын оларға таныстыру үшін бір бастама болады" деген сөздер қолданды. 

Айдынға алғаш рет келгенін, сондай-ақ көрген ежелгі қалаларға тәтті болғанын түсіндірген Косугу деректі фильм жобасынан кейін аймаққа тағы да келуді жоспарлағанын айтты. 

Түсірілімдерді ұйымдастырған Түркия филь комиссиясы төрағасы Саит Ярдымжы да деректі фильмнің маңызды екенін айтты. 

 



Ұқсас жаңалықтар