Ислам Өркениеттері мұражайы ашылады

Ислам Өркениеттері мұражайы 1200 жылдық тарихты суреттейтін және көбі бұрын көрмеге қойылмаған теңдесіз мұралардан құралады.

1808780
Ислам Өркениеттері мұражайы ашылады
turk islam medeniyetleri muzesi.jpg
turk islam medeniyetleri muzesi.jpg
turk islam medeniyetleri muzesi.jpg
turk islam medeniyetleri muzesi.jpg
turk islam medeniyetleri muzesi.jpg

Үлкен Чамлыжа мешіті кешенінде Ислам Өркениеттері мұражайының беті президент Режеп Тайып Ердоған тарапынан ертең ашылады.

Стамбулдағы Үлкен Чамлыжа мешіті кешенінде орналасқан 10 мың текше метр алаңдағы Ислам Өркениеттері мұражайы Ұлттық сарайларға қарасты Топкапы сарайы мен Сарай коллекциялары мұражайы, Түрік және Ислам мұралары мұражайы, Стамбул Археология мұражайы, Стамбул кешендер мұражайы және Қорлар мұражайы коллекцияларынан таңдалған мұралардан дайындалды.

7-ші ғасырдан 19-шы ғасырға дейінгі Ислам өнерінің дамуын бейнелейтін 88 мұра қойылған мұражай Түрік тоқыма өнері, Мұхаммед Пайғамбарға тиесілі туындылар, Ислам өнеріндегі сәулет және сәндік элементтер, Қағбаның бірінші мешіті, Дамаск құжаттары, Құран Кәрім және оның қоршаулары, Исламдағы ғылым, Берат және Жарлықтар, Хусн-и Хат (көркем жазу), Тұмар жейделер, Османлы киімі, Дестималь (орамал) дәстүрі, Саркофаг (мұқаба), Исламдағы жеңістер, Түрік керамика өнері, Ислам ақшаларын қамтыған 15 тақырыптық бөлімнен тұрады.

Ислам Өркениеттері мұражайы 1200 жылдық тарихты суреттейтін және көбі бұрын көрмеге қойылмаған теңдесіз мұралардан құралады.



Ұқсас жаңалықтар