9-шы рет Еуропа чемпионы атағын алды
Еропа чемпионатында түрік құрамасы табысқа жетті.

Венгрияның астанасы Будапештте өткен Еуропа чемпионатында еркін стильде 125 келі салмақта финалда түрік балуан Таха Акгүл карьерасындағы 9-шы рет Еуропа чемпионы атанды.
Күрестің екі алыбы Таха Акгүл мен Грузия спортшысы Гено Петриашвили 125 келіде күш сынасты. Бір-бірімен талай рет бақ сынаған екі спортшының жекпе-жегінде Таха Акгүл жеңіске жетті.
Олимпиада чемпионы түрік балуан Петриашвилиді 5-2 есебімен жеңіп, 9-шы рет Еуропа чемпионы атағын алды.
92 келіде жас спортшы Фейзулла Актүрік финалда болгариялық Ахмед Батаевпен кездесті. Бірнеше апта бұрын 23 жасқа дейінгілер арасында чемпион атанған түрік спортшы ересектер арасында да дәл осындай жетістік көрсетті.
Актүрік қарсыласын 6-1 есебімен жеңіп, алғаш рет қатысып отырған Еуропа чемпионатында чемпион атанды.
Еуропа чемпионаттарындағы Türkiye-нің 100-ші алтын медалін жеңіп алған Фейзулла Актүрік иығына түрік туын іліп шықты.
61 келіде татамиге шыққан Сүлейман Атлы финалда армениялық Арсен Харуюнянмен кездесті. Қарсыласын 15-3 техникалық басымдықпен жеңген Атлы күміс медальға қол жеткізді.
86 келіде белдескен Осман Гөчен 3-ші орын үшін өткен матчта израильдік қарсыласы Ури Калашниковты жеңіп, қола медальға қол жеткізді.
Осы нәтижелермен Еркін күрестен Ұлттық құрама командалық есепте 141 ұпаймен Еуропада екінші орынға шықты.
Іріктеу сайысында болса түріктің екі спортшысы алға шықты.
Әйел палуандар Эвин Демирхан Явуз бен Ясемин Адар Йигит финалға шықты.
Неміс қарсыласын 11-2, румыниялық қарсыласын 8-5 есебімен жеңген Эвин Демирхан Явуз финалда болгар Миглена Селишкамен кездесті.
Олимпиада үшіншісі, Әлем чемпионы және 4 дүркін Еуропа чемпионы Ясемин Адар Йигит финалға оңай жетті.
Әйел палуандардың чемпиондық және қола медаль кездесулері TRT Spor Yıldız телеарнасының экрандарында көрсетіледі.