Селчук бөркі әлемнің әр жерінен сұранысқа ие
Шеберханада жылына тігілетін 20 мың бөріктің жартысына жуығы шетелге жіберіледі.



Түріктің телесериалдары арқылы танымал болған Селчук бөркі әлемнің барлық жерінен сұранысқа ие.
Әлемнің түкпір-түкпірінде қызығушылықпен қаралатын түрік теле хикаялары мәдени ықпалдастыққа да өз үлесін қосуда.
Анадолы Селчук мемлекетіне бас қала болған Конияда тарихи деректердің негізімен дайындалған бөрікті Мехмет Дилекчи түрлі елдерде жолдап отыр. Ол өз өнімдерінде сол дәуірдің бас киімін дәлме-дәл көрсетуге тырысады.
Ол қазірге дейін өз қолымен елуден астам бөрік тіккен. Бөріктерді тері, киіз және басқа да материалдардан 2-3 күнде тігіп шығады. Шеберханада жылына тігілетін 20 мың бөріктің жартысына жуығы шетелге жіберіледі. Жылына 3-5 мың тапсырыс беретін Ұлыбритания – ең көп бөрік сұрайтын елдер арасында бірінші орында.
«Тірілу Ертұғрыл» телесериалы басталғанда бөрік тігуге шешім берген Дилекчи алғашқы он бес бөріктің дереу сатылып кеткенін айтады. «Сериалдың он бес бөлімінен кейін сұраныс өте артты. Селчук бөркін көп тіктік. Бөрікті аталарымыз 1450 жылдарға дейін қолданып келген» деді ол.
Шебер артынан түсірілген сериал мен фильмдердің де сұранысты арттырғанын, бұлар шетелде көрсетілгендіктен әлем нарығына ашылғандарын білдірді.