Нобель сыйлығының иегері Люк Монтанье қайтыс болды

Нобель сыйлығының иегері Люк Монтанье  89 жасында дүниеден озды.

1777014
Нобель сыйлығының иегері Люк Монтанье қайтыс болды

2008 жылғы физиология және медицина саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері Люк Монтанье  89 жасында дүниеден озды. 

Люк Монтанье 8 ақпанда Францияның астанасы Париж маңындағы Нейи-сюр-Сен қаласындағы Америка ауруханасында дүниеден озды. Оның қайтыс болу себептері әлі жарияланған жоқ. 

Монтанье соңғы кездерде жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) және вакцинаға қарсы көзқарастарына орай сынға тартылған еді. 

Люк Монтанье 2008 жылғы физиология және медицина бойынша Нобель сыйлығын алды.  

Монтаньенің негізгі ғылыми бағыты қатерлі ісіктің туына себепші болатын ретровирустер еді. Монтанье өзінің жаңа идеясымен шықты, оның дәлелінше биологиялық материалдың ең төменгі концентрациясында да сақталатын судың құрылымда өзгерістер тудыратын ДНҚ әлсіз электромагниттік сәуле шығаратыны анықталды. 

Люк Монтанье 1983 жылы АИВ инфекциясын адамның АИВ ретровирусын ашты.

 



Ұқсас жаңалықтар