Түркиядан Ауғанстанға жәрдем

Түрік Қызыл жарты ай қоғамы Ауғанстанға гуманитарлық жәрдемдерін жалғастыруда.

1774449
Түркиядан Ауғанстанға жәрдем

Ауғанстандағы гуманитарлық трагедияға бей-жай қарамайтын Түркия зардап шеккендерге қолдауын жалғастыруда.

Түрік Қызыл жарты ай қоғамының төрағасы Керем Кынык және жанындағы делегация Ауғанстанның бас қаласы Кабулда ұйымдастырылған жәрдем бағдарламасына қатысты. 100 отбасына азық-түлік, жетім балаларға қысқы киімдер таратылды.

Түркиядан жолға шыққан, азық-түлік және гуманитарлық жәрдем тасымалдайтын «Игілік пойызының» Ауғанстанға жетуі күтілуде.

Төраға Кынык TRT HABER телеарнасына жасаған мәлімдемеде: «Игілік пойызымыз келесі аптада келеді. Шамамен 800 тоннаға жуық азық-түлік, гуманитарлық көмек және денсаулық материалдары тасымалдайды. Түркиядағы 11 азаматтық қоғам мекемесі мен AFAD-тың (Апаттар мен төтенше жағдайлар басқармасы) ұйымдастыруымен келетін пойыздағы жәрдемдерді Ауғанстанның 34 уәлаятына Ауғанстан Қызыл жарты ай қоғамы арқылы таратамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар