Караисмаилоғлу интернет жылдамдығын бағаландырды

Министр Адил Караисмаилоғлу Түркияның мобильдік интернет желісінде әлемдік орташадан жоғары жылдамдыққа ие екенін айтты.

1773524
Караисмаилоғлу интернет жылдамдығын бағаландырды

Қатынас және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлу соңғы бір жылда Түркияның тұрақты интернет жылдамдығының 65 пайыздық артумен 44.77 Мбит/с-ке жеткенін айтты.

Министр Адил Караисмаилоғлу жазбаша мәлімдемесінде интернет инфрақұрылымына байланысты  2021 жылғы дамуды бағаландырды.

Түркияның мобильдік  интернет желісінде әлемдік орташадан жоғары жылдамдыққа ие екенін айтқан Караисмаилоғлу:

"Ookla-Speedtest компаниясы тарапынан дайындалған халықаралық санаққа қарағанда мобильді кең жолақты желіде әлемдік орташа 29.55 болса, Түркияның жылдамдығы 31.43 Мбит/с ретінде тіркелді. Тұрақты интернет жылдамдығы 65 пайыздық артумен 44.77 Мбит/с-ке жетті" деді.



Ұқсас жаңалықтар