Қысқы олимпиадаға санаулы күн қалды

Жарыстарды TRT SPOR, TRT SPOR YILDIZ арналарынан және  trtspor.com.tr парақшасынан көруге болады.

1768784
Қысқы олимпиадаға санаулы күн қалды

Қытайдың бас қаласы Пекинде өтетін 2022 Бейжің Қыс олимпиада ойындарына он күн қалды.

Осы спорттық организацияны TRT SPOR, TRT SPOR YILDIZ арналарынан және  trtspor.com.tr парақшасынан көруге болады.

4-20 ақпан күндері аралығында өтетін қыс олимпиада ойындарында 15 категорияда шамамен үш мың спортшы бақ сынайды.

Олимпиадаға Түркиядан жеті спортшы қатысады. Шаңғыда алты, мұзда сырғанауда бір түрік спортшы жарысады.

Қыс Олимпиада ойындары өтетін Пекинде соңғы кезде Омикрон мен Дельта штамдарын жұқтырған оқиғалардың артуы организаторлардың уайымын арттырды.

Олимпиада үшін билет сатылмайтыны жарияланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар