Президент Ердоғанның кітабы Доха халықаралық кітап көрмесінде

Президенттің араб тіліне аударылған «Әділ әлем мүмкін» атты кітабы үлкен қызығушылық тудырды.

1766823
Президент Ердоғанның кітабы Доха халықаралық кітап көрмесінде

Катарда ұйымдастырылған 31-ші Доха халықаралық кітап көрмесінде президент Режеп Тайып Ердоғанның араб тіліне аударылған «Әділ әлем мүмкін» атты кітабы үлкен қызығушылық тудырды.

Хамед ибн-Халифа университеті баспа үйі өкілдері көрмеде Нұра Ямач тарапынан аударылған «Әділ әлем мүмкін» атты кітаптың көрмеде ең көп сұраныс жасалған шығармалар қатарында орын алғанын білдірді.

Баспа директоры Бешшар Шебару «Бұл кітап алғаш рет бір халықаралық кітап көрмесінде орын алды. Кітапты ең алдымен 23 ақпан-5 наурыз аралығындағы Мускат халықаралық кітап көрмесінен бастап оқырмандар мен қызығушылық танытқандардың назарына ұсынуды жалғастырамыз» деді.

Президент Ердоғанның кітабына сұраныстың өте жоғары екеніне назар аударған Шебару «Көрменің соңғы күніне келгенімізге қарамастан келушілер әлі де көп кітап сатып алу үшін ағылуда» деді.

Биыл «Ғылым – жарық» тақырыбымен 13-22 қаңтар аралығында ұйымдастырылған Доха халықаралық кітап көрмесіне 37 елден 430 баспа үйі қатысты.

Парсы шығанағы аймағындағы ең көне және ең үлкен кітап көрмелерінің бірі Доха халықаралық кітап жәрмеңкесі алғаш рет 1972 жылы ұйымдастырылды. Ұзақ уақыт бойы екі жылда бір рет өткізілетін көрме 2002 жылдан кейін жыл сайын ұйымдастырыла бастады.



Ұқсас жаңалықтар