Жәдігерлер елге қайтарылды
Рим дәуірінен қалған 21 жәдігер Түркияға қайтарылды.

Анадолы жерінен шетелге әкетілген Рим дәуірінен қалған 21 жәдігер Түркияға қайтарылды.
Мәдениет және туризм министрлігі жүргізген шетелге заңсыз әкетілген мәдени құндылықтарды өз еліне қайтару жұмыстары шеңберінде биылғы алғашқы жәдігерлер елге оралды.
Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Шекара және қорғау бюросы 2010 жылы тәркілеген Рим дәуірінен қалған 21 қыштан жасалған құмыра сот процесі аяқталғаннан кейін Түркияға әкелінді.
Мәдени мұралар мен мұражайлар бас басқармасы Контрабандаға қарсы бөлімшенің директоры Буржу Өздемир мамандардың анализі мен бақылауы арқасында жәдігерлердің қайтарылғанын айтты.
Өздемир отандарына қайтарылған жәдігерлердің Рим дәуірінен қалған қыш ыдыстар екенін айтты. "Табылған жәдігерлердің жағдайы өте жақсы. Олар кеше елорда Анкарадағы Анадолы өркениеттері мұражайына әрі қарай зерттеу үшін жеткізілді"дед ол.
Ұқсас жаңалықтар

Муглаға шетелдік туристтер келіп жатыр
Мугланың Мамарис ауданына Мальта жалауы бар «Azamara Onward» круиздік кемесі келді.