Байрактар ТБ-2 әуе көлігі шетелден жақсы баға алуда

NRC газеті Түркияның Қарулы адамсыз әуе көліктеріне байланысты көлемді бір анализ жариялады.

1765358
Байрактар ТБ-2 әуе көлігі шетелден жақсы баға алуда

Түркияның Қарулы адамсыз әуе көліктеріне байланысты Голландияның NRC газетінде шыққан анализде Байрактар ТБ-2 "Әлемдегі ең үздік" әуе көлігі деп бағаланды.

NRC газеті Түркияның Қарулы адамсыз әуе көліктеріне байланысты көлемді бір анализ жариялады.

Түркияның Қарулы адамсыз әуе көліктерінің қорғаныс өнеркәсібіндегі роліне тоқталған анализде Түркияның Қарулы адамсыз әуе көліктері экспортын арттырғаны білдірілді.

Анализде Түркияның Қарулы адамсыз әуе көліктерінің сапалы және арзан болуымен бірге операциялық табыстарына да тоқталды.

Голландиялық қорғаныс сарапшысы Стижн Митцердің "Байрактар ТБ-2 операциялық тұрғыдан әлемдегі ең үздік" деп бағалағаны білдірілді.

Анализде Стижн Митцердің "Қытайда жасалған Wing Loong-II Қарулы адамсыз әуе көліктерінің 15 миллион долларға сатылса, одан сапалы және сенімді болған Байрактар ТБ-2 көлігі 5 миллион долларға сатылуда" деген сөздері орын алған.

Анализде Түркияның Қарулы адамсыз әуе көліктерінің Сирия, Ливия және Әзербайжандағы табыстары айтылып, Польша, Украина сияқты елдерге экспорт етілгені хабарланған.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның Африка сапарында Түркияның Қарулы адамсыз әуе көліктері келісімін жасағаны жазылған.

Түрік қорғаныс өнеркәсібі 2021 жылы экспорт рекордын жаңалап, 3 миллиард доллардан асқаны білдірілді.

Нигер, Кения, Эфиопия, Джибути, Марокко, Конго, Польша, Венгрия, Моңғолия, Украина және Қырғызстан түрік қорғаныс өнеркәсібі өнімдерін алған елдер арасында.

 



Ұқсас жаңалықтар