Қыс Олимпиадаларының билеттері сатылмайды

Пекин Қыс Олимпиадаларының билеттері жаңа типті коронавирус індеті себепті сатылмайтыны, белгіленген топтарға таратылатыны хабарланды.

1764676
Қыс Олимпиадаларының билеттері сатылмайды

Қытай астанасы Пекинде басталатын Қыс Олимпиадаларының билеттері жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті себепті сатылмайтыны білдірілді.

Қыс Олимпиадалары организация комитеті 4 ақпанда Пекинде басталатын Қыс Олимпиадаларының билеттері жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті себепті сатылмайтынын, алайда билеттердің белгіленген топтарға таратылатынын хабарлады.

Комитеттің мәлімдемесінде шешімнің олимпиадаға қатысатын спортшылардың және көрермендердің қауіпсіздігін қамдау мақсатымен жасалғаны білдірілді.

Комитет олимпиадаларға қатысатын көрермендерге қатысу алдында және олимпиада кезінде Ковид-19 сақтық шараларын атқаруы жайлы ескерту жасады, спортшылардың Пекинге арнайы ұшақтармен әкелінетіні  жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар