Конте "Тоттенхэм" тарихына атын жаздырды

Антонио Конте - Тоттенхэм жанкүйерлерінің сүйіктісі...

1755977
Конте "Тоттенхэм" тарихына атын жаздырды

Антонио Конте - Тоттенхэм жанкүйерлерінің сүйіктісі...

Премьер-лиганың 21-ші аптасында “Тоттенхэм” командасы қосымша уақытта Давинсон Санчестің голымен Уотфордты 1:0 есебімен жеңді.

Бұл жеңісімен бапкер Антонио Конте рекорд жаңартты.

«Тоттенхэммен» лигадағы алғашқы 8 ойынында жеңілмеген итальяндық бапкер осылайша клуб тарихына енді.

Лондондық команда Конте басқарған кезде 5 жеңіс пен 3 тең ойынмен 18 ұпай жинады.

Бұл матчтарда қорғаныстағы өнерімен көзге түскен «Тоттенхэм» командасы 5 матчта қақпасын жауып, 4 гол жіберіп алған.

Маусымды Нуно Эспириту Сантумен бастаған ағылшын командасы 10 ойында 5 жеңіс пен 5 жеңіліске ұшырағаннан кейін португалдық жаттықтырушымен жолын бөлген болатын.

«Тоттенхэм» командасы 22-ші аптада Солтүстік Лондон дербиінде «Арсеналды» қонақ қылады.

 



Ұқсас жаңалықтар