Президенттік Мәдениет және өнер сыйлықтары табыс етілді
Президенттік сарайдағы рәсімде сыйлықтарды президент Режеп Тайып Ердоған тапсырды.

2021 жылғы Президенттік Мәдениет және өнер сыйлықтары лауреаттарға табыс етілді.
Президенттік сарайдағы рәсімде сыйлықтарды президент Режеп Тайып Ердоған тапсырды.
Рәсімде сөз президент: «Ғылым саласында сыйлыққа лайықты деп табылған Проф. Др. Теоман Дуралы ұстазды екі апта бұрын мәңгі мекеніне шығарып салдық» деді.
Ердоған музыка саласында сыйлыққа лайықты деп табылған пианист Идил Биреттің ел ішінде және шетелде берген концерттері арқылы музыка саласына үлес қосқанын айтты.
Мүсінші, керамика және шыны дизайнері Алев Эбузияның көркем өнер сыйлығына лайықты деп табылғанын білдірген президент Ердоған кинематография саласында сыйлық алған Джүнейт Аркынның түрік киносының бүгінгі күнге жетуінде үлкен үлесі бар екенін атап көрсетті.
Калиграфия саласында сыйлық алған калиграф, журналист, суретші Этхем Чалышканды да құттықтаған Ердоған әдебиет саласында журналист-жазушы Гүрбүз Азактың да сыйлыққа лайықты екенін білдірді.
Ұқсас жаңалықтар

«Оскар» сыйлығының жеңімпаздары жарияланды
Өткен түні Лос-Анджелесте 95-ші «Оскар» сыйлығының марапаттау рәсімі өтті.

Әйгілі пианист Ричард Клейдерман Стамбулға келеді
Клейдерманның альбомдары бүкіл әлем бойынша шамамен 90 миллион альбом сатты.