Германияда тағы бір мешіт ғибадатқа ашылды

Германияның Рхеинланд-Пфалз провинциясындағы Хахенбург қалашығында салынған Хиджрет мешіті рәсіммен ғибадатқа ашылды.

1740464
Германияда тағы бір мешіт ғибадатқа ашылды

Германияның Рхеинланд-Пфалз провинциясындағы Хахенбург қалашығында салынған Дін істері түрік ислам қоғамына қарасты Хиджрет мешіті рәсіммен ғибадатқа ашылды. 

Құран Кәрімді  оқумен басталған ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Дін істері түрік ислам қоғамы төрағасы Казым Түрікмен мешіттердің қауымға үлкен үлес қосқанын айтты. 

Түрікмен "Бұл жерде жамағаттарымыз жиналу үшін бір мешітке мұқтаж болған еді. Жергілікті билік және қала тұрғындары мешіттің салынуына шешім жасады. Сенімге негізделген ынтымақтастық жоғарғы деңгейде жалғасады. Германияның ең үлкен мұсылман қоғамы болған Дін істері түрік ислам қоғамы әрқашан Германияда өмір сүрген мұсылмандардың және барша қауымның болашағын ойлайтын маңызды бір ұйым" деген сөздер қолданды. 

Құрылысы 2017 жылы басталған және 3 мың шаршы метр алаңға салынған, 600 шаршы метр қолдану алаңына ие мешітте бірдей уақытта 150 адам ғибадат жасай алады. 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар