Тиранада түрік фильмдері апталығы басталды

«Жетінші камерадағы керемет» атты фильм көрсетілді.

1737640
Тиранада түрік фильмдері апталығы басталды

Албанияның бас қаласы Тиранада Юнус Эмре институты тарапынан ұйымдастырылған Түрік фильмдері апталығы басталды.

Тиранадағы бір кинотеатрда өткен ашылу салтанатынан кейін «Жетінші камерадағы керемет» атты фильм көрсетілді.

Бағдарламаға қатысқан Түркияның Албаниядағы өкілетті елшісі Мурат Ахмет Йөрүк Балқанда бүкіл елдердің түрік фильмдерін ұнатып қарайтынын айтты, түрік өнерінің ынтымақтастық пен байланыс көпірі болғанын білдірді.

Албанияның кино актері Джулиан Деда да іс-шараның осы саладағы ынтымақтастық көпірін жетілдіру мақсатында қадам екенін атап көрсетті.

Тирана Юнус Эмре институты директоры Өмер Осман Демирбаш көрермендер үшін сапалы фильмдер таңдағандарын айтты.

Түрік фильмдері апталығы 26 қараша күніне дейін жалғасады.

 



Ұқсас жаңалықтар