Ресей мен АҚШ Венераны бірігіп зерттейді

Ресей 2029 жылы Венераға "Венера-Д" атты автоматты станция жолдауды жоспарлауда.

1736640
Ресей мен АҚШ Венераны бірігіп зерттейді

Ресей мен Америка Құрама Штаттары Венераны зерттеудің ортақ миссиясы туралы келісімге келді.

Ресей Федералдық ғарыш агенттігінің (Роскосмос) Бас директоры Дмитрий Рогозин орыс баспасөзіне жасаған мәлімдемесінде:

"Америка Құрама Штаттарымен Венераны зерттеудің ортақ миссиясы туралы келісімге келдік" деді.

Венераның тек Кеңестер Одағы көліктері қонғандықтан "Орыс ғаламшары" аталғанын айтқан Дмитрий Рогозин:

"Басқа ешбір ел атмосфераның орнына тозаққа ие болған осы ғаламшарға көлік жолдай алмады" деді.

Ресей 2029 жылы Венераға "Венера-Д" атты автоматты станция жолдауды жоспарлауда.  



Ұқсас жаңалықтар