Разгатлыоғлу Супербайк-та әлем чемпионы болды

El Mundo Deportivo газеті де "Разгатлыоғлу Супербайк-та тұңғыш рет әлем чемпионы болды" деген тақырып қолданды.

1736648
Разгатлыоғлу Супербайк-та әлем чемпионы болды

Ұлттық мотоциклші Топрак Разгатлыоғлу Супербайк әлем чемпионатында 2021 маусымының чемпионы болуы Испания баспасөзінде кең орын алды. 

Marca газеті "Разгатлыоғлу чемпион" деген тақырыппен интернет парақшасында жариялаған хабарында:

"Түрік спортшы Индонезияда Риді тақтан түсірді. Супербайкта Джонатан Ри дәуірі аяқталды. Солтүстік Ирландия спортшысы 7-ші чемпиондыққа жете алмады. Жаңа чемпион Топрак Разгатлыоғлу" деп жазды.

"Топрак Разгатлыоғлу 25 жасымен осы чемпиондықты алған ең жас 3-ші спортшы және алғашқы түрік болды" деп жазған Marca газеті:

"Топрак Разгатлыоғлу Moto GP-ге қатысуды қабылдамады, қазірше. 2022  Супербайкта тағын қорғайды. Yamaha оны 2023 жылы Moto GP-де көруді қалайды" деген бағаландыру жасады.

El Mundo Deportivo газеті де "Разгатлыоғлу Супербайк-та тұңғыш рет әлем чемпионы болды" деген тақырып қолданды.



Ұқсас жаңалықтар