Молдовадан 180 турист тікелей рейспен Каппадокияға келді

Компания басшысы Мехмет Дінлер ұшақтан түскен туристерді қалампырмен өзі қарсы алды.

1736558
Молдовадан 180 турист тікелей рейспен Каппадокияға келді

Молдовадан тікелей рейспен 180 турист Невшехирге келді.

Орталығы Невшехир болған бір тур фирмасының ұйымдастыруымен Молдованың бас қаласы Кишиневтен көтерілген ұшақ Каппадокия әуежайына қонды.

Ұшақтан түскен туристерді компанияның төрағасы Мехмет Дінлер мен лауазымдылар қалампырмен қарсы алды.

Төлқұжаттық тексеруі мен дене қызуы медицина қызметкерлері тарапынан өлшенген туристер кейін тур автобустарымен қонақүйлерге апарылды.

Мехмет Динлер Каппадокияға әртүрлі елдерден тікелей рейстер ұйымдастыру жұмыстары аясында Молдовадан туристік топтардың келе бастағанын айтты.

Осы елден Каппадокия әуежайына 2022 жылы көбірек турист тарту үшін таныту жұмыстарының жалғасатынын тілге тиек еткен Дінлер 24 қараша күні де аймаққа 144 туристтік бір рейстің келетінін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар