Түркия таэквондодан - Еуропа үшіншісі

49 келіде Түркия атынан жарысқан Алейна Шенюрт күміс медаль алды.

1734358
Түркия таэквондодан - Еуропа үшіншісі

Еуропа Таэквондо одағы тарапынан Босния және Герцоговинаның бас қаласы Сараевода ұйымдастырылған чемпионат аяқталды.

Жарыстың соңғы күнінде бес салмақта сайыс өтті.

Қыздар арасында 49 келіде Түркия атынан жарысқан Алейна Шенюрт күміс медаль алды.

Ұлттық спортшылар чемпионатта екі алтын, екі күміс және 4 қола медаль, барлығы 8 медаль олжалады.

Түркия құрамасы чемпионатты үшінші орында аяқтады.

Ерлер құрамасы болса екі алтын, бір күміс және бір қоламен Еуропа екіншісі атанды.

Чемпионатта медаль алған түрік таэквондошылар:

 Алтын медаль:

Өмер Фарук Дайыоғлу  (59 келі), Игитхан Кылыч (73 келі).

Күміс медаль:

Рахмет Баран Шимшек (78 келі), Алейна Шенюрт (49 келі).

Қола медаль:

Юнус Эмре Таш (51 келі), Нехир Гениш (42 келі), Хатидже Пынар Игиталп (59 келі), Суде Ярен Узунчавдар (+68 келі).



Ұқсас жаңалықтар