«Қорқыт Ата» түрік әлемі фильм фестивалі жүлделері табыс етілді

«Қорқыт Ата» түрік әлемі фильм фестивалі Стамбулда Ататүрік мәдениет орталығында өтті.

1733523
«Қорқыт Ата» түрік әлемі фильм фестивалі жүлделері табыс етілді
korkut ata Turk dunyasi film festiv.2.jpg
korkut ata Turk dunyasi film festiv.1.jpg
korkut ata Turk dunyasi film festiv..jpg

Мәдениет және туризм министрлігі тарапынан «Мейірімге толы қанаттар» ұранымен Стамбулда алғаш рет ұйымдастырылған фестивальдің жүлде рәсімі Ататүрік мәдениет орталығында өтті.

Рәсімге түрік әлемі және мәдениет пен өнер саласының көптеген танымал тұлғалары қатысты.

Салтанатты кештің ашылу рәсіміне қатысқан Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой фестиваль аясында «Түрік әлемі фильм саммиті» өткізгендерін атап көрсетті. Эрсой саммитте бірлесіп не істеуге болатынын талқылағандарын және пікір алмаса отырып тәжірибе бөлісілгенін білдірді.

Эрсой Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанмен бірге өте ауқымды бір декларацияға қол қойғандарын атап, «Түрік әлемі фильм қорын» құру тақырыбынан бастап «Бірлескен продюсерлік келісімге» дейін бірге басатын қадамдарға шешім қабылдағандарын білдірді.

Халықаралық "Түріксой" Мәдениет министрлері тұрақты кеңесінің 38-ші кезекті отырысында Бурсаның «2022 Түрік әлемінің мәдениет астанасы» болып жарияланғанына назар аударған Эрсой «Қорқыт Ата түрік әлемі фильм фестивалінің екіншісін иншалла келесі жылы Бурса қаласында ұйымдастырамыз» деді.

Эрсой фестивальді 2023 жылы Әзербайжанның Шуша қаласында, 2024 жылы Қазақстанда, 2025 жылы Өзбекстанда және 2026 жылы Қырғызстанда өткізуді жоспарлағандарын да атап көрсетті.

Фестивальде «Үздік фильм» жүлдесі Әзербайжанның «Шашырап өлгендер арасында» фильмі, «Үздік режиссер» жүлдесі Қырғызстаннан «Шамбала» фильмінің режиссері әрі сценаристі Артпай Суюндуковқа, «Үздік сценарий» жүлдесі Түркияның «Маузер» фильміне, «Қазылар алқасы» арнайы жүлдесі Өзбекстанның «Құштарлық» фильміне лайық деп танылды.

«Деректі фильмдер байқауы» жүлдесінде болса бірінші орынды Иранның «Егіздер» фильмі, екінші орынды Өзбекстанның «Халық ерлігі» фильмі және үшінші орынды Ресейдің «Лингвист» атты фильмі жеңіп алды.

Сондай-ақ Өзбекстан фильм агенттігі, «Қазақфильм» киностудиясы, Қырғыз кинофильм студиясы және TRT «Түрік әлемі» арнайы жүлдесімен марапатталды.

«Адалдық сыйлығы» болса түрік әлемінің ортақ құндылықтарының бірі әлемге әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматовке берілді. Жүлдесін баласы Эльдар мен қызы Шырын Айтматов алды.

Салтанатты кеш түрік әлемінің ұлттық билеріне қоса, белгілі әнші Арыстанбек Сұлтанбеков және Мемлекеттік опера мен балет театры бас директоры Мұрат Қараханның шағын концертімен аяқталды.



Ұқсас жаңалықтар