«Зауыт» атты деректі фильм 12 қараша күні ТРТ-де

Әлемді дүр сілкіндіретін «Зауыт» атты деректі фильмі 12 қараша күні TRT Haber арнасынан көрсетіледі.

1730383
«Зауыт» атты деректі фильм 12 қараша күні ТРТ-де

Президенттік коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун әлемді дүр сілкіндіретін «Зауыт» атты деректі фильмнің 12 қараша күні TRT Haber телеарнасынан көрсетілетінін хабарлады.

Француз Lafarge компаниясының ДАИШ террор ұйымымен байланысын дәлелдейтін «Зауыт» атты деректі фильм 12 қараша күні Түркия телерадио корпорациясының "ТРТ Хабар" (TRT Haber) телеарнасында көрсетіледі.

Фахреттин Алтун әлемнің ең ірі цемент өндіру алпауыттарының бірі француз Lafarge компаниясының ДАИШ террор ұйымымен қарым-қатынасын дәлелдейтін және 2 жылдық бір зерттеу мен журналистік ізденістің нәтижесі «Зауыт» деректі фильмінің TRT Haber телеарнасынан көрсетілетінін хабарлады.

Алтун Твиттердегі хабарламасында деректі фильмнің жарнамалық бейне көрінісіне орын беріп «Террорлық ұйымдарды қаржыландырып отыратын француз Lafarge компаниясының миллиондаған долларлық операциялары мен оның арғы жағындағы лас қарым-қатынасы... Адам өмірін түкке санамайтын бір орта және мыңдаған бейбіт адамның өмірін қиған опасыздық. Әлемді дүр сілкіндіретін «Зауыт» деректі фильмі 12 қараша күні TRT Haber телеарнасында көрсетіледі» деді.



Ұқсас жаңалықтар