Кушадасына керемет круиз кемесі келді

Үлкен кеменің ішінде театр мен кинотеатр залдары, ашық және жабық бассейні, мейрамханалары, сауда орталығы, монша сияқты көптеген алаңы бар

1725375
Кушадасына керемет круиз кемесі келді

Әлемдегі ең үлкен және ең сәнді круиз кемелері арасындағы Маршалл аралдарының жалауы ілінген "Seven Seas Splendor" Түркиядағы алғашқы сапарында Айдынның  Кушадасы ауданына келді. 

Ішінде театр мен кинотеатр залдары, ашық және жабық бассейні, мейрамханалары, сауда орталығы, монша сияқты көптеген алаңы бар 224 метрлік круиз кемесі көбі америкалық 362 жолаушысымен Эгей порт Кушадасы кемежайына келді.

Измирдің Селчук ауданындағы Эфес ежелгі  қаласы мен Мариям Ана үйі турына шыққан жолаушылар одан кейін Кушадасында сауда жасады.  

Стамбулға да баратын круиз кемесі Стамбула жолаушыларды алғаннан кейін 30 қазанда Кушадасы кемежайына оралады. 



Ұқсас жаңалықтар