Алтын құмыра отанына оралды

Енді ол Анкара Анадолы Өркениеттер мұражайында көрмеге қойылды.

1725328
Алтын құмыра отанына оралды

Анадолының қәдім өркениеттерінің бірі Хаттилер дәуірінен қалған, шамамен 4 250 жылдық алтын құмыра Түркияға қайтарылды.

Енді ол Анкара Анадолы Өркениеттер мұражайында көрмеге қойылды.

Тарихи жәдігерді қайтару рәсімі Анкара Анадолы Өркениеттер мұражайында өтті.  Осы рәсімде сөз сөйлеген Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой Түркия жерінен заңсыз жолдармен әкетілген мәдени жәдігерлердің қайтарылуы үшін табандылықпен жұмыс жүргізіп жатқандарын айтты.

Коллекционер Артур Гильберт алтын және күміс коллекциясына қосу үшін аталмыш жәдігерді 1989 жылы Лос-Анджелесте сатып алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар