Шахин мен Турежиге Испанияда жүлде берілді

8 категорияда таратылатын жүлдеге лайық болғандарға Джоан Миро мүсіншесі, диплом, төсбелгі және 50 000 еуро ақша беріледі.

1723717
Шахин мен Турежиге Испанияда жүлде берілді

BioNTech құрушылары Профессор доктор Угур Шахин мен доктор Өзлем Турежи Испанияның «Астурия ханшайымы» жүлделерінде техникалық және ғылыми саладағы жүлдеге лайықты деп қаралды.

«Астурия ханшайымы» жүлделері Техникалық және Ғылыми зерттеу ақылдастар алқасы осы саладағы биылғы жүлдеге Угур Шахин және Өзлем Турежимен бірге жаңа типті коронавирус (Сovid-19) вакциналарын жетілдіруде қосқан үлесіне орай Каталин Карико (биохимик), Дрекс Вайсман (иммунолог), Филип Фельгнер (иммунолог), Деррик Росси (биолог) және Сара Гилберттерді (вакцина бойынша сарапшы) лайықты деп тапты.

Испанияда 1981 жылдан бері беріліп келген жүлделер Король Фелипе VI әкесінің орнына 2014 жылы таққа шыққаннан кейін мұрагер болған үлкен қызы Ханшайым Леонорға арналып «Астурия ханшайымы» деп аталды.

8 категорияда таратылатын жүлдеге лайық болғандарға Джоан Миро мүсіншесі, диплом, төсбелгі және 50 000 еуро ақша беріледі. 

Жүлде беру рәсімі Испанияның солтүстігіндегі Астурия аймағы Овьедо қаласындағы Кампоамор театрында ұйымдастырылды.



Ұқсас жаңалықтар