Мега яхта келіп тоқтады

5 қабатты яхта Мармарис круиз портына келіп тоқтады.

1723582
Мега яхта келіп тоқтады

Кайман аралдары жалаушасы бар «Леди Гуля» мега яхтасы Мармариске (Мугла) келіп жетті.

2019 жылы іске қосылған, әлемдегі ең үздік 100 яхтаның арасында көрсетілген 5 қабатты яхта Мармарис круиз портына келіп тоқтады.

 

Ұзындығы 11,5 метр, ені 19 метр, екі тікұшақ алаңы бар яхта көргендердің назарын аударды.

Бассейні, кинотеатры, спорт және сұлулық салондары, лифт және жағажай клубы бар яхта тоғыз люкс бөлмесінде 18 қонақты қабылдай алады. Люкс яхтада 38 экипаж мүшесі бар..

Әсем мега яхта ауданда бірнеше күн болады деп хабарланды.


Этикеттер: #Мармарис , #Яхта

Ұқсас жаңалықтар