"Amal" қуыршақ Ұлыбританияға жетті

Газиантептен жолға шыққан және жанұясын іздеген босқын қыз баланың әңгімесін суреттеген  қуыршақ "Amal" Ұлыбританияға барды.

1722628
"Amal" қуыршақ Ұлыбританияға жетті

Босқын балалар тақырыбында түсінік қалыптастыру мақсатымен жобаланған және сириялық бір босқын қызға өкілдік еткен "Amal" атты үлкен қуыршақ Ұлыбританияға жетті. 

Sputnik-дің хабарына қарағанда Түркиядан жолға шыққан және арабшада "үміт" мағынасына келетін "Amal" атты үлкен қуыршақты 8 мың километрлік сапарының соңғы аялдамасы Ұлыбританияда танымал ағылшын актер Джуд Лоу күтіп алды.

Газиантептен жолға шыққан және жанұясын іздеген босқын қыз баланың әңгімесін суреттеген  қуыршақ "Amal" үшін 24 қазанда Лондондағы Виктория мен Альберт мұражайында 10 жасымен құттықтау рәсімі өткізіледі. Қуыншақтың сапары 3 қарашада елдің солтүстік батысындағы  Манчестер қаласында аяқталады. 

"Amal" атты қуыршақ Газиантептен 27 шілдеде жолға шыққанан кейін Грекия, Италия, Швейцария, Германия, Бельгия және Францияны аралады және жол бойынша  Папа Францискті қамтыған мыңдаған кісі тарапынан қарсы алынды.

Ұлыбританиядағы Good Chance театры дайындаған жоба аясында жобалау компаниясы 'Handspring' тарапынан жасалған "Amal" барған барлық қалаларда жергілікті өнерпаздар сахнаға шыққан іс-шаралармен күтіп алынды. 



Ұқсас жаңалықтар