Орхан Памуктың сөзі ғарышқа жолданды

НАСА Юпитерге жіберген ғарыш кемесі Люсиге Орхан Памуктың сөздері мен түрік мақалы қойылды.

1722054
Орхан Памуктың сөзі ғарышқа жолданды

АҚШ Ұлттық Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу ұлттық басқармасы НАСА Юпитерге жіберген ғарыш кемесі Люсиде Орхан Памуктың сөздері орын алды. 

Sputnik-тің хабарына қарағанда НАСА 12 жыл жалғасатын Юпитер міндетін бастады.

НАСА-ның Юпитерге жолдаған ғарыш кемесі Люсиге адамзатқа және өмірге байланысты маңызды жазушылар, ғалымдар мен ойшылдардың сөздерін қамтыған белгілер орналастырылған.

Осы белгілер арасында Орхан Памуктың бір кітабынан үзінді мен бір түрік мақалы да бар.

Орхан Памуктың "Қара кітабынан" төмендегі үзінді алынды:

"Көбірек сүюді, көбірек күлуді, тіпті көбірек ойлауды қалаймыз. Тіпті көп көру, тіпті көп түсіну, тіпті көп сенуді қалар едік. Бізден артымызға осы тілектер мен осы сөздер қалады. Тыныштық, түстер, ұйқы мен өбу де бар. Адамдар, жеміс-жидектер, қағаз бен қаламдар да бар. Өйткені ешқандай нәрсе өмірдей кездейсоқ емес. Жазу басқаша, Солай, әрине, тек жұбанышымыз жазудан басқа."

Белгілер арасында "Ағашты балтамен шауыпты, "сабы менен ғой" депті" деген түрік мақалының ағылшынша аудармасы да бар. 



Ұқсас жаңалықтар