TRT World Forum ертең басталады

Форумның беташар сөзін президент Режеп Тайып Ердоған оқиды.

1721141
TRT World Forum ертең басталады

TRT World Forum бес жылдығында «Күш және парадокс: 21-ғасырда үлкен стратегияны түсіну» деген тақырыппен ертең басталады.

Форумның беташар сөзін президент Режеп Тайып Ердоған оқиды.  Форум 20 қазанн күні аяқталады.

Биыл форумда  36 елден 100-ге тарта баяндамашы сөз алады. Лидерлер, мамандар, ғалымдар мен атақты тұлғалар жаһандық проблемалар туралы көзқарастарын білдіреді.

Форумда ТР Президенттік аппаратының жанындағы Коммуникация басқармасы басшысы Фахреттин Алтун және TRT бас директоры Мехмет Захид Собаджы да сөз сөйлейді. Екі күндік форумда климат және жаһандық медициналық дағдарыстан халықаралық экономикалық дамуға, Еуразияның шарықтауынан цифрлық басқаруға дейін көптеген маңызды тақыраптар талқыланады.

 

TRT World форум 2021-де айырықша атақты әншілер де концерт береді.

Форумға www.trtworldforum.com интернет адресінен тіркеліп, шараны онлайн тамашалауға болады.



Ұқсас жаңалықтар