Армения Таулы Қарабахтағы мұраларды күйретті

Армения Әзірбайжанға тиесілі тарихи және мәдени мұралардың 90 пайызын күйреткен.

1719662
Армения Таулы Қарабахтағы мұраларды күйретті

Әзірбайжанның Мәдениет министрі Анар Каримов Арменияның жаулауы кезеңінде Таулы Қарабах және маңындағы провинцияларда Әзірбайжанға тиесілі тарихи және мәдени мұралардың 90 пайызын күйреткенін білдірді.

Министр Каримов Анадолы агенттігіне жасаған мәлімдемесінде Арменияның жаулауы кезеңінде  инфрақұрылымдарды, тарихи және мәдени мұраларды күйреткенін білдіріп, бұл жағдайды "соғыс қылмысы" және "адамдық қылмысы" ретінде қарағандарын баяндады.

Анар Каримов Арменияның Әзірбайжанға қарсы "этникалық тазалық" саясатымен қатар "мәдени тазалық" саясатын да 30 жыл бойынша жалғастырғанын түсіндіріп, "Бұрынғы кезеңде жаулау астында болған аймақтарда мемлекетте тіркеулі 706 тарихи және мәдени мұра бар еді. Бұл мұралардың 90 пайызының күйретілгенін анықтадық" деді.

 



Ұқсас жаңалықтар