2021 Нобель Экономика сыйлығы иесін тапты
2021 Нобель Экономика сыйлығын алғандарға алтын медальмен бірге 1.1 миллион доллар ақша беріледі.

2021 Нобель Экономика сыйлығы экономистер Дэвид Кард және Джошуа Д. Ангрист пен Гидо В.Имбенске берілді.
Швеция Корольдік академиясында ұйымдастырылған баспасөз жиналысында канадалық экономист Дэвид Кардтың «Еңбек экономикасына қосқан үлесі үшін», Джошуа Д.Ангрист пен Гидо В.Имбенстің "Себеп-салдарлық байланыстарды талдауға әдістемелік үлес қосқаны үшін" 2021 Нобель Экономика сыйлығына лайық деп табылғаны хабарланды.
Үш экономистің еңбектерінің еңбек нарқына байланысты тың түсінік әкелгені, себеп-салдар байланыстары тұрғысынан табиғи сынақтардан қандай нәтиже шығаруға болатынын көрсеткені, көзқарастарының басқа салаларға да таралғаны және эмпирикалық зерттеулерді түбегейлі өзгерткені білдірілді.
2021 Нобель Экономика сыйлығын алғандарға алтын медальмен бірге 1.1 миллион доллар ақша беріледі.
Ұқсас жаңалықтар

Муглаға шетелдік туристтер келіп жатыр
Мугланың Мамарис ауданына Мальта жалауы бар «Azamara Onward» круиздік кемесі келді.

Галатасарай "Спор Тото Супер лигасы" чемпионы болды
Сары қызыл формадағы Галатасарай 23-ші рет чемпионатқа шықты.