Камерунда түрік тілі курсы ашылды
Түркия Маариф фонды Яундеде елдің алғашқы түрік тілі курсын ашты.
1716412

Түркия Маариф фонды Камерунның бас қаласы Яундеде елдің алғашқы түрік тілі курсын ашты.
Түркия Маариф фонды мен Яунде Университеті арасында қол қойылған ынтымақтастық хаттамасы арқылы университет құрамында Түркия Зерттеулері орталығы ашылды. Орталық шаңырағында берілген түрік тілі сабақтарына 36 бакалавр, магистратура және докторантура студенті өтінім берді.
Студенттер 12 апталық курста А1 деңгейінде 78 сағат түрік тілін үйренеді.
Түркия Маариф фонды түрік тілі оқытушысы Фатма Хошча «Мақсатымыз – Түркияны, түрік тілін, тарихын және мәдениетін таныстыру. Түрік тіліне деген құштарлықты арттыру» деді.