Коэльо жаңа кітабын түрік спортшыға арнады

Пауло Коэльоның жаңа кітабы 21 қыркүйек күні шықты.

1710131
Коэльо жаңа кітабын түрік спортшыға арнады

Әлемге танымал бразилиялық жазушы Пауло Коэльо түрік тіліне «Садақшының жолы» (The Archer) деп аударылған соңғы кітабын олимпиада чемпионы түрік спортшы Мете Газозға арнады.

Twitter-дегі аккаунтынан видео жариялаған 74 жасар жазушы соңғы кітабының түрік тіліндегі нұсқасын қолына алып: «Мете Газоз, осы кітапты саған арнаймын.  Сен секілді садақ ату шеберіне осы туындымды сыйлаймын.  Осы кітап арқылы өмірімізді жақсырақ түсінеміз» деді.

Түрік садақшы Мете Газоз 2020 Токио Олимпиада ойындарында алтын медаль алып, тарихи жетістікке қол жеткізген болатын.

«Алхимик» секілді туындылары 170 елде 83 тілде жарияланған, кітаптары 320 миллион рет басылған жазушы Коэльоның жаңа кітабы 21 қыркүйек күні шықты.



Ұқсас жаңалықтар