Технология фестивалінде жеңімпаздарға сыйлықтары берілді

Take Off Халықаралық кәсіпкерлік саммиті марапаттау кеші болып өтті.

1709674
Технология фестивалінде жеңімпаздарға сыйлықтары берілді

TEKNOFEST Авиация, ғарыш және технология фестивалі шеңберінде Take Off Халықаралық кәсіпкерлік саммиті марапаттау кеші болып өтті. 

Стамбулдағы Ататүрік атындағы әуежайда болған кешке Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк қатысты.

Министр Варанк бірінші және екінші орын алғандарға сыйлықтарын тапсырды. Чехиядан "Colobra" 20 мың долларлық бірінші орынды, Пәкістаннан "Classnotes"  10 мың долларлық екінші орынды алды.

Google Түркия директоры Мехмет Кетеоғлу болса 5 мың долларлық үшінші орынды алған Түркиядан "Servissoft" бастамасын марапаттады.

Министр Варанк сыйлық алғандарды құттықтады.  Артынан ұйымдастырушылар, қазылар алқасы және жеңімпаздар бірге суретке түсті.

TEKNOFEST шеңберінде биыл үшінші рет ұйымдастырылған Take Off халықаралық саммит саласында отандық және шетелдік стартаптарды мекемелермен бас қостырды.



Ұқсас жаңалықтар