Троя мұражайына Еуропадан екі жүлде

Троя мұражайы екі жүлдені алған алғашқы түрік мұражайы атанды.

1708205
Троя мұражайына Еуропадан екі жүлде

Чанаккаледегі Троя мұражайы Еуропа жылдың мұражайы және Еуропа мұражай академиясы арнайы жүлдесін алған тұңғыш түрік мұражайы атанды.

Мәдениет және туризм министрлігінің хабарламасында мұражайдың әлемнің ең маңызды заманауи археология мұражайларының бірі екені атап көрсетілді. Хабарламада мұражайдың 2020 жылы Еуропа жылдың мұражайы жүлдесін алғаны еске салынды.  Сонымен бірге биыл 2020/2021 Еуропа Мұражай академиясы арнайы жүлдесін де алды.

Осылайша Троя мұражайы екі жүлдені алған алғашқы түрік мұражайы атанды.



Ұқсас жаңалықтар